Bugin
АҚШ Конгресі пандемиядан зардап шеккен тұрғындарға көмек беру үшін бюджеттен 2 триллион доллар бөлді
Әлемдегі пандемияға байланысты Еуропа елдерінде адам саны азайды, мемлекеттік қор шығынға ұшырады. Осы мәселе бойынша АҚШ конгресі арнайы шешім қабылдады. Енді, халықтың 85 пайызына 1400 доллардан беріледі. Осыған байланысты, ел ішінде 7 миллионға жуық жұмыс орны мен вакцинация орталықтары ашылады.
Пандемияға қарсы іс-шаралар тек АҚШ-та ғана емес, Аргентина елдерінде де жүргізіліп жатыр. Бұл елде осы уақытқа дейін 1,7 миллион адам вакцина қабылдап үлгерген. Алайда, төтенше жағдайға қарамастан мектептер карантин уақытында жұмыс істеуін тоқтатпаған. Қызметкерлер мен білімгерлердің қауіпсіздігі үшін ұстаздарға вирусқа қарсы вакцина салынып жатыр.