Bugin
Енді байлардың бәрі АҚШ-тан емес, Азиядан шығады
Әлемде пандемиялық дағдарыс орнап, экономика құлдырап жатса да, байлардың дәулеті азая қоймады. Керісінше, баюдың үстіне байып жатыр.
Былтыр Азия елдерінде миллионерлер саны артты. Оның ішінде Қазақстан да бар. Knight Frank консалтинг компаниясының есебіне сүйенсек, Қазақстан былтыр байлары көбейген ТОП-8 елдің қатарына енген. Миллионерлердің саны 33% өскен.
Бір жылда байлары көбейген елдер мыналар:
1. Индонезия - 67%
2. Үндістан - 63%
3. Польша - 61%
4. Швеция - 59%
5. Жаңа Зеландия - 52%
6. Түркия - 43%
7. Замбия - 40%
8. Қазақстан - 33%
9. Ресей - 29%
10. АҚШ - 23%
Satista.com сайтының деректерінде былтыр әлемде $30 млн байлығы бар байлардың саны 2,4% көбейіп, 520 мың адамға жеткен. Әсіресе, Азиядағы байлар көбейді, бір жылда 12% өскен.
Қазір дәулетті адамдардың көбі АҚШ-та тұрады. Алайда алдағы уақытта АҚШ-тың байлары артта қалып, Азияның байлары рейтингді жаулайды деген болжам бар. Мәселен, 2020-2025 жылдар аралығында Азия елдері мен Тынық мұхиты аймағындағы байлардың саны әлемдегі дәулетті адамдардың төрттен бірін құрамақ.