Bugin
Ортақ сальдо 8,7 млрд доллар
Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстан мен Ресейдің сауда-саттығы жақсаруы тиіс еді. Алайда олай емес. Ресей мен Қазақстанның өзара сауда айналымы жер мен көктей. Мұны қазақстандық экономист Петр Своик айтады.
Экономисттің айтуынша, 2020 жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық 21%-ды ғана құраған. Қазірше Қазақстанның негізгі сауда серіктесі – Еуроодақ елі боп тұр. Онымен болған былтырғы сауда-саттық көлемі Қазақстан сауда айналымының 29%-ын құрады. Қазақстанның үшінші сауда серіктесі – бұл Қытай. Онымен сауда айналымы 18%-ды құрады.
Ал Қазақстанның Ресейдің ішкі нарығына өткен тауар көлемі – 3,4%-ды ғана құрайды. Ресейдегі беларусь тауары – әрең дегенде 5%-ды құрап отыр. Ал Ресейдің Еуроодақпен сауда айналымы 38,5%-ды, Қытаймен 18,3%-ды құрады.
2020 жылы Ресеймен сауда жасаудың кесірінен Қазақстан 8,7 млрд доллар шығынға ұшыраған. Бұл деген – кедейшілік.
"Осыдан-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бір мемлекеттің ғана мүддесін қорғап, саудасын өткізу үшін құрылғанын байқауға болады. Либералды экономика өкілі ЕЭО-қа сараптама жасаса, мұны бірден шығыны шаш-етектен дер еді. Алайда Қазақстанда ондай экономист маман жоқ", - дейді экономист.