Bugin

Қазақстандықтарды аязды демалыс күтеді

Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Синоптиктер Қазақстанда 13-15 наурызға арналған ауа-райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бүкіл кезең ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады, бұл аязды ауа-райын тудырады және негізінен жауын-шашынсыз өтеді.

– Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның басып кіруі өзімен бірге ауа температурасының төмендеуін ғана емес, жауын-шашын да әкеледі. Демалыс күндері қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын жел күшейіп, көктайғақ болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.