Әлем жаңалықтары

"Тележүргізуші жазым бола жаздады": Тікелей эфирде күтпеген жағдай орын алды

Колумбияда ESPN спорт телеарнасының жүргізушісі Карлос Ордуз бір ажалдан аман қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, студиядағы тікелей эфир кезінде тережүргізушінің үстіне үлкен декорация құлап кеткен. Абырой болғанда, ол ауыр жарақат алған жоқ.

Оқиға видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр.

Кадрлардан келеңсіз жағдайдың қас қағым сәтте болғанын, мұндайды ешкімнің күтпегенін аңғару қиын емес. Жүргізушінің әріптестері есеңгіреп қалған, алайда эфирді үзбей, матчқа қатысты түсініктеме беруін жалғастырды.

Біраз уақыттан кейін жарнамаға кезек берілді, ал көрермендер интернеттен Карлос Ордузға не болғанын сұрастыра бастады.

Тележүргізуші болса Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында бірнеше жазба қалдырып, өзінің денсаулығына алаңдағандарды сабырға шақырды.

"Кеше болған оқиға туралы маған жазғандардың барлығына жағдайым жақсы екенін хабарлаймын. Құдайға шүкір, медициналық тексеруден кейін дәрігерлер алаңдайтындай ауыр жарақат таппады. Тек мұрнымды көгертіп, ауыртып алдым, еш жерім сынбады", - деді Карлос Ордуз.

мақала авторы: Jalgas Asambayev