Hi-Tech

Смартфонда нені сақтамау керек: маман ескертеді

Құпия сөзді әр үш ай сайын өзгертіп тұру қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Киберқауіпсіздік жөніндегі маман Андрей Масалұлы смартфондардағы қауіпсіздік туралы бірнеше дерекпен бөлісті. Бұл туралы bugin.kz платформасы RT басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Маманның айтуынша, смартфонда кез келген мәліметті сақтауға болады, тек бір қарапайым ережені ескеру қажет: кіре берістегі пошта жәшігіне қандай деректі сақтай алсаңыз, телефоныңызда да соны сақтаңыз.

“Смартфондардағы мәліметтерді қорғау деңгейі пошта жәшігіндегі мәліметтерді қорғау деңгейімен пара-пар. Жалпы желіге қосылған мәліметтерді компьютер, смартфондарда сақтауға болмайды”, -дейді Андрей Масалұлы смартфон қолданушыларына.

Сарапшының сөзінше, ұялы телефондарда, әсересе, PIN-code, құпия сөз нөмірлері мен сіз туралы мәліметтерді сақтамағандарыңыз дұрыс.

“Бірнеше жүйеге бір құпия сөз пайдаланбаңыз. Құпия сөзді әр 3 ай сайын ауыстырып тұрыңыз”, - деді маман.

Бұдан бөлек “Мені есте сақта” батырмасын баспауға кеңес берді. Әрі қолданушылар үшін тағы бір пайдалы ақпаратпен бөлісті.

“Жаңа смартфондарда сіздің жеке деректеріңізді жасыруға мүмкіндік беретін құрылғылар бар: мәселен соңғы нұсқаларында “Динамикалық МАС-мекенжай” батырмасы бар. Бұл батырманы басқаннан кейін Bluetooth-ді өшіруіңіз керек болады”.

Маманның айтуынша, кез келген құжаттың сканерлернген нұсқасы болғаны әлдеқайда қауіпсіз. Егер жеке төлқұжат туралы мәліметтер телефонға жіберілетіндей болса, оларды дереу жою керек.

“Смартфоның қашан да жаныңызда болатынына кепілдік бере алмайсыз. Жоғалтып немесе ұрлатып алуыңыз әбден мүмкін. Телефоныңызда құпия сөз болса да оны ашудың жолдары бар”, - деп ескертті Алексей Масалұлы.