Bugin

Полицейлер енді WhatsApp чатта отырады

Тұрғындар – заманауи информатор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан полицейлерді қылмысты анықтау мен табудың оңай жолын тапты. Ол – тұрғын үй иелерінің уатсап-чатында отыру. Полицейдің заманауи информаторы жайлы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, учаскелік полицейдің барлығына өзіне қарасты аумақтың тұрғындарымен тығыз байланыс ұстауға тапсырма берілген. Атап айтқанда, КСК ұйымымен келісіп, уатсап-чатқа кіру, сол арқылы ақпарат іздеу – полицейлердің міндеті.

"Бұл – жаңа тренд. Полицейлер өзіне қарасты тұрғын үй пәтер иелерінің кооперативінің чатында отыруы тиіс. Мұнда маңызды ақпарат жетерлік: кім ішіп келді, кімнің үйінде есірткі сатылып жатыр, қай үйде жезөкше жиналған, пәтер кім жалға беріп отыр – бәрі-бәрі айтылады. Сондықтан учаскелік полиция мұның бәрінен хабардар болуы тиіс. Бірақ чат құрушылар полицияны чатқа қосқысы келмейді", - дейді Тұрғымбаев.

Тұрғындардың өзі аумақта боп жатқан жағдайды айтып полицияға жүгінбесі белгілі. Сондықтан қылмыстың алдын алу үшін полицейлердің чатта болғаны дұрыс.  

"Соның арқасында біздің жинаған ақпарат 10 есе көбейді", - дейді министр.