Денсаулық

Сырадан болған семіздіктен қалай арылуға болады?

Эндокринолог дәрігер сырадан болған семіздіктің қаупі мен одан құтылудың жолдарын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

23 жылдың тәжірибесі бар дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Зухра Павлова аталмыш мәселені Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды bugin.kz платформасы.

Дәрігердің айтуынша, сыра семіздігі көбіне 25-45 жастағы ер адамдарда болады. Ал мұндай қарын физикалық дискомфорттан бөлек денсаулыққа өте қауіпті.

“Қарапайым формула: белі 94 сантиметрден қалыңдары бар (азиаттарда 90 сантиметр), бұл іштің семіздігі. Ердің сымбаттылығы емес, тіпті ген де емес, бұл денсаулыққа қауіпті семіздік. Мұндай семіздік қант диабеті, инсульт, инфаркт, метаболикалық синдром сынды аурулар тудыруға бейім. Мұның бәрі адамның мүгедектігі”, - деді дәрігер.

Ал мұндай іштен құтылу үшін не істемек керек. Дәрігер қарапайым 3 жолды атады. Біріншіден, эндрокинологпен ақылдасып, гормондарға анализ тапсыру қажет.

“Бір айта кетерлігі, гормондарға анализ тапсыру үшін сапалы лабораторияға барған жөн. Себебі бұл күрделі анализдер, оны кез келген емханада тапсыруға болмайды. Анализ қорытындысына сәйкес, эндокринолог диабеттің бар-жоғын немесе алдын алу шараларын ескертеді әрі семіздіктен арылудың жолдарын көрсетеді. Мұндай қауіп сырға бейім кез келген еркектің басында болуы мүмкін”, - деп ескертті дәрігер.

Екінші жолы жиі қозғалыста болу. Күніне 40 минут жаяу жүру жеткілікті. Тіпті кеңседе отыратын қызметкер болсаңыз да, әр сағат сайын орныңыздан атып тұрып жаттығулар жасап жіберсеңіз құба-құп.

Үшінші қадам дұрыс тамақтану.

“Диета ұстау жайлы айтпаймын. Ең болмағанда, нан өнімдері, фастфуд пен майлы тағамдарды тұтынбағаныңыз жөн. Жеген тамақтарыңызды жазып жүріңіз. Ақымақтық болып көрінер, алайда нәтижесі болатынына сеніңіз. Маған келетін семіз адамдар “қарындары үнемі аш” екенін айтады. Бірақ олай емес”, - деп жазды дәрігер.