Әлем жаңалықтары

Жаз 6 айға созылады. Не себептен?

Қытай ғалымдары 2100 жылға қарай күннің жылыну салдарынан жаз орташа есеппен алты айға созылуы мүмкін екенін хабарлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зерттеушілер 1952 жылдан 2011 жылға дейін жаз мезгілінің ұзақтығы 78-ден 95 күнге дейін, ал қыстың ұзақтығы 73 күнге дейін қысқарғанын анықтады.

Жыл мезгілдерінің ең үлкен өзгерістері Жерорта теңізі мен Тибет таулы аймақтарында болды. "Біз солтүстік жарты шарда жаздың ұзарғанын және қыстың қысқарғанын анықтадық. Көктем мен күз қысқармақ. Ғаламдық жылынудың қазіргі қарқыны өзгермесе де, болашақта жыл мезгілдерінің уақыты өзгереді. Болжам бойынша, 2100 жылға қарай, жаз 6 айға созылады, ал қыс 2 айдан аз болады", – дейді ғалымдар.
– Ауа температурасы өткен ғасырға қарағанда 4-9 градус жылыған. Соның нәтижесінде Антарктида мен Арктиканың көп бөлігінде мұздар еріп кеткен. Мұндай өзгерістер адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне әсер етеді және ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселелерге, құстардың маусымдық қоныс аударуындағы үзілістерге әкеледі. Аллергиямен ауыратындар және қан қысымының жоғарылауымен немесе төмендігімен ауыратын адамдарға қиын болады, – деп хабарлады ғұлама ғалымдар.