Bugin

Карантиндік шектеулер күшейтілді: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

10 наурыз күні Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің Жандарбек Бекшин карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулысы жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құжат бойынша, ойын-сауықтық, көрме, форум, конференцияларды отбасылық, салтанатты шаралар, оның ішінде үйде, адамдар көп жиналатын жерде іс-шаралар өткізуге тыйым салды.

Қаулыға сәйкес, «Наурыз» және басқа да мерекелік шараларды жаппай тойлауды ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат жоқ.

Алматы қаласының «қызыл» аймаққа енуіне байланысты, ашық базарлар жексенбі күні жұмыс істемейді. Ал ойын-сауық орталықтары сенбі-жексенбі күндері қызмет көрсетпейді.  Балабақшалардағы кезекші топтардағы бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Көпшілік тамақтану объектілерінің жұмысы сағат 9-00 ден 20-00 уақыт аралығын ғана қамтиды. Сондай-ақ, кинотеатр, театр, цирк жұмыстары тоқтатылды.

Қаулы 13-наурыздан бастап күшіне енеді.