Қоғам

Алматыдағы базар басшылығынан ақша жинаған кімдер?

Бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласындағы азық-түлік базарларының басшыларынан ақша жинаған шенеунік құрықталды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

Тергеушінің айтуынша, агенттіктің Алматы қалалық департаменті «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік аумақтық инспекция комитеті» ММ Карантиндік, өсімдіктерді қорғау және фито-санитарлық бақылау бекеттерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол жүйелі негізде кәсіпкерлік субъектілерінен – Алматы қаласының азық-түлік базарларының әкімшілері мен директорларынан әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны және фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырмағаны үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін пара алған. ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес жоғарыда аталған бөлім басшысы ұсталып, Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - деді ол.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61