14 наурыз – Көрісу күні екенін білесіз бе?

Неге тек Қазақстанда осы күні көрісуді батыс қазақстандықтар тойлайды. Бұл мейрамды көбісі неліктен білмейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14 наурыз – Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман-есен жеттік деп дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.

Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған. Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек, жаңа жыл - Ұлыс күнін тойлайтын қазақ Көрісу күнін 1918 жылдан бастап тойлайтын болған. Бұл мерекенің ерекшелігі тек бір күнмен шектелмеуінде болған, ол наурыздың 14-нен басталып, айдың соңына дейін жалғаса берген.

Мен өзім Алматыда оқып, батыстың қызы болсам да бұл мейрамды 1-курста оңтүстікте өткіздік. Универде алғашында түсінбеді. Батыстықтар түсінеді деп қалжыңдасып қоямыз. Сосын басқа жақтан жиналған студенттермен көрісіп шықтым. Алғашында оларға таңсық көрінді. Бірақ оларға бұл мейрам қатты ұнады. Және мен бұл мейрам ұмытылмай керсінше жаңдағанын қалар едім.