Bugin
Алғашқы қазақ
Қазақстаннан әлемге танылған музыкант, ремикс пен бит жазушы Иманбек Зайкенов "Грэмми" сыйлығын алды. Американың Ұлттық өнер академиясы бұл сыйлықты SAINt JHN-тың "Roses" әніне жасаған ремиксіне берді.
Бұл жайлы ол өзінің Инстаграмында жазды.
"Достар, мен сондай бақыттымын... "Грэмми" біздің елде", - деді ол.
Қазақстандық музыкант "Грэмми" сыйлығын "ең үздік ремикс" номинациясы бойынша алған.
Айта кеткен жөн, Америка рэпері SAINt JHN-тың "Roses" атты әніне ремикс жазған Иманбек бір күннің ішінде танымал болып шыға келді.
Трек U.S. Billboard Hot 100 бойынша ең үздік бестікке енді. Аустралия, Канада мен Ирландияда бірінші орынға көтеріліп, UK Singles Chart хит-чартында екі апта бойынша алғашқы орында тұрды.