Bugin
12 ауыл мен бір қала
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында жаңа әкімшілік-территориялық аумақ құру туралы қаулыға қол қойды. Бұл жайлы Ақорда хабарлады.
"Түркістан облысының құрамында әкімшілік орталығы Шорнақ ауылында орналасатын Сауран ауданы әкімшілік-аумақтық бірлігі Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерін бөлу жолымен құрылсын", - делінген құжатта.
Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.