Білім және ғылым
Адам ойлауына өзге тілді меңгеру айтарлықтай әсер етеді. Ақпаратты тез қабылдап, есте сақтау деңгейін жоғарылатады
ХХІ ғасыр. Жаңа заман. Түрлі талап...
Қазір байлық емес, білім мәңгілік қорыңды жасақтайды.
Жаңа тіл үйрену – дамимын деген адамның мақсаты. Бірақ шұбарлап, қадірін қашыра емес. Нақты, ойыңды еркін айтуға мүмкіндігің болғанша меңгеру. Неге? Себебі, кей азаматтар аралас сөйлеп, ойын жеткізуден бұрын, сөйлем құраудан жаңылады. Бұл арманға қадам басудың орнына, артқа шегініс жасайды.
Әр нәрсенің ыңғайы болады. Сол сияқты басқа ұлттың тілін меңгерерде қарапайым қағидаларды ескерген жөн. Мәселен, күніне жарты сағат уақыт бөліп, нәтижеге жұмыс істеу қажет. Өзіңіз үшін маңызын айқындап, тұрақты қайталаулар жүргізген артық етпейді.
Демек, сол кезде қандай дәрежеге қол жеткізгеніңізді байқайсыз.