Bugin
Ұлыбритания - нағыз мысал
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФранция елі Еуроодақтан шығуы мүмкін. Өйткені одақтың масыл елдері экономикасы дамыған мемлекеттерге тұсау болып отыр. Бұл жайлы Le Figaro басылымы жазды.
Басылым тілшісі Лоран Эрбленің жазуынша, COVID-19 пандемиясының кесірінен Еуроодақ елдерінің экономикасы құлдырап кетті. Ал бұған кінәлі – одақ басшылығы.
"Еуроодақ басшылығы мүше елдердің экономикасын қолдағысы келмейді. АҚШ үкіметі экономиканы қолдауға 5 трлн доллар қаржы бөлді. Ал Еуроодақ басшылығы 300 млрд еуро ғана бөлді. Бұл жетпейді", - деп жазады автор.
Оның айтуынша, Еуроодақтан шыққан Ұлыбританияның экономикасы қазір тәуелсіз.
"Бұл – Еуроодақтан шығудың пайдалы екенін көрсететін нағыз мысал. Францияның одақтан шығуын қалағандарға бұл да бір себеп болды. Франция шынымен де одақтан шығып кетуі мүмкін", - деп жазады журналист.