Bugin
Қазақстан телеарнасы аруларға арналған көктемдік байқау ұйымдастырып жатыр
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБүгін Қазақстан телеарнасы өзінің инста парақшасында онлайн байқау жариялады. Бұл байқауда 16 мен 24 жас аралығындағы қыздар өнер көрсете алады. Байқаудың шарты бойынша қатысушы қазақ киімімен түскен суретін инстаграм желісінде жүктеуі тиіс. Егер парақша ашық болмаса сурет қабылданбайды.
Сонымен қатар, қатысушы фотоны #НаурызАруы хэштегі бойынша салады. Байқау 22 наурызға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылар ең әдемі әрі креативті суреттерді таңдап, өз парақшасына жүктейді. Қорытынды оқырмандардың дауыс беруі арқылы анықталады. Байқау нәтижесі 25 наурызда белгілі болады. Бұл сайыстың негізгі мақсаты – қазақтың ұлттық кодын дәріптеу әрі дамыту. Сондықтан сіз де өз бағыңызды сынап көріңіз!
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61