Қоғам

Үнді сериалдарының құдіреті неде?

Үнді сериалдарынан қалай арыламыз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


  Отандық телеарналардың жүрегінен орын алған өнім – үнді телехикаялары. Ұзағынан созылған телехикая жүйесінде небір қызықты оқиға орын алады. Тіпті көрермендер үнді телехикаясын отандық телехикаялардан артық көретіні бұрыннан белгілі.

Сериал барысында кенеттен басты кейіпкер ауысса да көрермендері азайып кетпейді. Кейбір миға қонбайтын дүниелер көрсетіліп, өтірігі бетіне шығып жатса да, шіркін-ай, ішіне кіріп кетердей барлығы тамашалайды. Қандай құдіреттілік, иә? Сериалдың басында ойнаған актёрлар мен актриса көп жағдайда жоқ болып кетіп, орындарына үш қайнатса сорпасы қосылмайтын өзге адамдар рөлдерін сомдайды. Бұл бірақ ешқандай кедергі емес. Сериал ұзақтығын айтпай-ақ та қояйын. Үндінің қай сериалы 20-30 бөлімнен біте салып еді? Жарықтықтар 2-3 жыл қатарынан болады ғой. Сериалдың ортасына жетіп қалғанда, бас жағында не болғанын тіпті ұмытып қаласың. Мектеп оқушылары аптасына 5 күн сабақ оқыса, үнді сериалдары аптасына 7 күн толассыз, сонымен қатар бір күнде қайталауымен 2 рет болады. Қандай керемет! Неліктен осы айтыс сынды тәрбиелік мәні бар, ұлттық кұндылықтарымыз телеарналардан өз орнын таба алмай жүр? Мінекей себебі осында. Үнді, түрік сериалдарының орнына бір мезгіл болсын айтысты берсе ғой, шіркін?