Спорт

Роналду голдар бойынша Пелені басып озды

Криштиану Роналду "Кальяриге" қарсы ойында хет-трик жасап ресми ойындардағы үздік 3 бомбардир қатарына кірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италия "Серие А"-ның 27-кезеңіндегі "Кальяри 1-3 Ювентус" ойынында тарихи оқиға орын алды. Әлемнің үздік футболшыларының бірі Кришитиану Роналду қарсылас қақпасына жарты сағатта 3 гол соғып, өз карьерасында 767 гол соққан Пелені басып озды. Енді Роналдуда 770 гол. Ойыннан кейін инстаграм желісінде Пеле Роналдуды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ал футбол тарихында Роналдудан ең көп гол соққан 2 футболшы ғана қалды. Олар: Йозеф Бицан - 805, Ромарио - 772.