Bugin
Модульды пост орнатылады
Елдің Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғау саласындағы өзгерістер халыққа сезіле бастағанын, жағымды әсер беріп жатқанын айтты. Бұл жайлы ҚазТаг хабарлады.
"Халықтың өзі тұрақты әрі қауіпсіз ортада өмір сүргісі келеді. Сол себепті тәртіп сақшыларымен байланыс, серіктестік орнатуға өздері ниет танытады. Ішкі істер органы жүйесіндегі жағымды өзгерістердің сезіліп жатқаны байқалады", - дейді Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, қазір ішкі істер органы мемлекет басшысы тапсырған "полицияның сервистік моделіне" көшу бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни, енді полиция қызметі де халыққа қызмет көрсету мекемелері сынды ең алдымен халыққа қызмет көрсетуді, сервистік жұмыстарды жүзеге асырмақ.
"Полиция халыққа жақын болуы тиіс. Сондықтан полицияның модульды посттар салынып жатыр. Мұның пайдасы бар. Өйткені пост салынған аумақта қылмыс азайып, құқық бұзушылық төмендеді. Құқық қорғау органдары халықпен тығыз жұмыс істеген жерде қылмыс азаятыны байқалды", - деп ойын түйіндеді министр.