Bugin

Халық қаржысы: Мамин мен басқа министрлер ұшақпен ұшуға қанша ақша жұмсайды?

Жыл сайын халықтан жасырып жұмсайтын миллиардтар туралы білгіңіз келсе толық оқып шығыңыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мен басқа да министрлер жыл сайын қымбат ұшақтармен ұшуға 20 млрд теңге жұмсайды. Мұның бәрі бюджеттен қарастырылған қаржы. Бұл жайлы мемлекеттік телеарнадан жұмыс істеген журналист Ербол Мандибек айтты.

Оның айтуынша, үкімет басшысы мен министрлердің жеке-жеке VIP-ұшақтары бар. Алайда оған жұмсалатын бюджет шығыны еш жерде айтылмайды. Президенттің іс басқармасына қарайтын "Беркут" авиакомпаниясының сайтына кіріп көріңіз, супер-джеттер туралы бір түйір ақпарат жоқ. 

Журналисттің сөзінше, қымбат ұшақтарға кететін шығынды үкімет әдейі жасырып отыр. Өйткені өздерінің рәсуа, ысырап жасайтынын біледі.

"Рәсуә дейтінім, мынау тұрған Қарағандыға ұшақ алдырған "көкелерді" көрдік. Талдықорғанда отырып тиіп тұрған Алматыға ұшақ алдырған сәттерге мен ғана емес, танымал блогерлер де куә.  

Әуелде мұндай VIP самалеттердің ішінде суретке түсуге тыйым салынды. Себебі, Үкімет мүшелерімен бірге жүргендіктен халыққа шалқыған өмірдің сәттерін шығармаңдар деген бұйрық түсті. Бір қызығы, осындай жылы-жұмсағы жайылған ұшақтармен 2 жылға жуық тоқтаусыз ұшыппын", - деп жазады журналист Facebook-тегі парақшасында.

Сонымен, Үкімет мүшелерінің авиапаркі қай жерде орналасқан. Астанадағы әуежайдың арғы бетіне барсаңыз VIP-терминал тұр. Ол жерде Үкімет мүшелеріне және форбс тізіміндегі бай-манаптарға күндіз-түні қызмет көрсетіледі.

"Премьер-министр Асқар Маминнің ұшағына артық адам отырмайды. Мәселен, өңірлерге жұмыс сапары кезінде вице-премьерлерге бөлек бизнес-ұшақ қарастырылған. Оған министрлердің міңгесуіне рұқсат. Бірақ Бейбіт Атамқұлов секілді миллиардер министрлер мен "Самұрық-қазынаның" Есімов секілді жетекші менеджерлері жекеменшік компанияларға тапсырыс береді", - дейді журналист.  

Бизнес санаттағы ұшақтың 1 сағаты кемі 5000 еуродан басталады. 10 сағат жалдасаңыз 50 000 еуро. Ұлттық валютамен есептесеңіз шамамен 25 миллион теңге. Бұл – бір бағыттың ғана шығыны. Ал халықаралық ұшулар құны 40 000 еуродан басталады. Жылына кемінде ішкі және сыртқы 30-40 жұмыс сапары жоспарланады. Оның шығынын есепшотқа соға беріңіз. Сомасы миллиардтарды құрайды.

Сонымен, ұшақтан құшаққа секіріп жүрген Үкімет мүшелерінің авиациялық шығындары туралы бейресми дерек жоқ емес, бар.

"Премьер-министрді, 4 вице-премьерді және министрлерді, Сенат пен Мәжіліс төрағаларын туда-сюда тасымалдауға жыл сайын Республикалық бюджеттен 15 000 000 000 - 20 000 000 000 (он бес-жиырма миллиард теңге) қарастырылады", - деп жазады Мандибек.  

Президенттің іс басқармасына қарайтын "Беркут" авиакомпаниясы  мемлекеттік деп көрсетілген. Яғни, саны көп сапасы жоқ Үкіметтің аспандағы ермегіне халықтың есебінен сұраусыз ақша алу үрдісі 20 жылдан бері жалғасып келеді.

"Хабар" мен "Қазақстанның" жаңылтпаш жаңалықтарын қарап отырсаңыз Асқар Мамин түске дейін Түркістанда, түстен кейін Қарағандыда, кешкісін Көкшетауды алатауды айырып, қаратауды қайырып жүр деген қыртымбай сюжеттерді күнде көресіз.

Бір мезетте Ералы Тоғжанов Атырауда, Әлихан Смайылов Алматыда, Роман Скляр Петропавлда жүр деген жаңалықты да жиі естисіздер. Былай қарасаң, Үкімет үнемі ұшып-қонып жүреді.

"Еріккен сарт енегін уқаласа", біздің еріккен Үкімет сідік шаптырым жерге  ұшақпен сайраң салуды ұнатады.

Қызмет құнына құнарлы тағаммен қоса, қызыл-қара икра, арақ-виски, экзотикалық жеміс-жидек ұсынылады.

Орташа есеппен алсақ, соңғы он жылда келіп-кетіп жатқан пайдасы көк тиын Үкіметтің ұшып-қонуына ғана 200 000 миллиард теңгеге жуық ақша бюджеттен шығындалыпты.

Бұған 19 министрліктің командировочный шығындарын қосыңыз.

Мәселен, Бейбіт Атамқұлов басқаратын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі іссапар шығындарына 250-300 миллион теңгеге дейін қарастырған.

Ұзын сөздің ырғасы Үкімет халықты емес, халық Үкіметті асырап отыр. Милиардтап ұшаққа, миллиондап машинаға, пайыздап премияға, былапыттап айлыққа аяусыз ақша жұмсайды.