Bugin

Иван Ургант Иманбек Зейкеновты өз шоуына шақырды

Алтын граммофонның түпнұсқасын қолмен ұстау қандай сезім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік жүргізуші Иван Ургант «Вечерний Ургант» бағдарламасының эфирінде Грэмми сыйлығын жеңіп алған Иманбек Зейкеновті өзінің шоуына шақырғысы келетінін айтты. 2020 жылдың қараша айында Иманбектің Грэммиге үміткер болғаны белгілі болған кезде Ургант эфирде қазақстандық музыкантқа қоңырау шалып сәттілік тіледі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Liter.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Иманбек Зейкенов – Қазақстаннан шыққан бірінші Грэмми жеңімпазы. Ол үздік ремикс үшін Грэммиге ие болды. Иманбек, құттықтаймын. Біз Иманбекті қонаққа шақыруға, Грэммиге қол тигізуге, ең болмағанда «Алтын Грамофонды» түпнұсқасын өз көзімізбен көру қандай болатынын түсінуге шақыруымыз керек », – деді Иван Ургант Бірінші арнаның эфирінде.