Bugin
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Ashyq» пилоттық жобасына қатысып жатқан кәсіпкерлік нысандарының тізімін жариялады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Ashyq» пилоттық жобасына қатысып жатқан кәсіпкерлік нысандарының тізімін жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚазАқпарат-қа сілтеп хабарлайды.
Айта кетейік, келушілер нысанға кірген кезде «Ashyq» мобильдік қосымшасы арқылы QR-кодты сканерлейді. Сол кезде мобильдік қосымшада индикатор көрінеді. Қызыл түс - келушінің науқас екенін, сары түс науқаспен – байланыста болғанын, ал жасыл түс – ПТР-тест тапсырып, вирусқа анықталмағандығын білдіреді. Көк түс ПТР-зерттеуден өтпегенін көрсетеді. «Ashyq» пилоттық жобасы әзірге үш қалада - Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда іске асырылуда.