Bugin
Цой коронавирусқа қатысты пессимистік және шынайы сценарий айтты
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың таралуына қатысты оптимистік және пессимистистік болжам жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
«Оптимистік сценарий бойынша сәуірде тәулігіне коронавирус жұқтырған 500 адам тіркеледі. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 1700 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін», – деді Цой Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, вакцина салу арқылы елдегі эпидемиялық жағдайды тұрақтандыруға болады.
2021 жылдың соңына дейін эпидемиологиялық жағдайдың бұл болжамын Денсаулық сақтау министрлігінің болжау жөніндегі жұмыс тобы міндетті маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды және вакцинацияға сүйеніп, қолданыстағы шектеу шараларын сақтаған жағдайға негізделіп жасаған.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 225 685-ке жетті. Оның 207 371-і жазылып шықты. 2 865 адам қайтыс болды. Коронавирус бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта. "Сары" аймақта Ақмола, Қарағанды, Атырау, Алматы облыстары бар. Қалған өңірлер "жасыл" аймақта.