Bugin
Непал астанасы Катмандуға Эверест тауына шығатын шетелдік альпинистердің алғашқы тобы барды
Непал астанасы Катмандуға Эверест тауына шығатын шетелдік альпинистердің алғашқы тобы барды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы 24kz-ке сілтеп хабарлайды.
Бірақ спортшылар бір апта оқшаулануы керек. Бірінші болып Эверестке шығуға ниет білдірген альпинистердің арасында Бахрейн ханзадасы мен Ұлыбритания спортшылары бар. Жергілікті билік сәуір айынан мамырға дейін жалғасатын маусым кезінде 300-ден аса альпинист тауға шығуы мүмкін деп отыр.
Мохамед Хамад Мохамед ӘлХалифа, Бахрейн ханзадасы:
– Әрине, бәрімізде қобалжу бар. Біз бұл сәтті көптен күткен едік. Тауға шығу маусымы басталатынына қуаныштымыз. Тыңғылықты жаттығудың арқасында Бахрейн туын тау шыңына тігеміз деп үміттененміз, – деді.