Bugin

YouTube Ресей түсірген тарихи фильмдерге шектеу қойды

Роскомнадзор мұнымен келіспейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Google әкімшілігі Ресей түсірген "Ржев. 500 дней в огне" атты деректі фильміне шектеу қойды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Открытие медиа басылымына сілтеп хабарлады.

Атап айтқанда, YouTube әкімшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы түсірген бұл фильмге +18 шектеуін қойып, балалар мен оқушыларға көрсетуге тыйым салды. Енді бұл фильм рекомендацияға шықпайды, жарнама жасауға болмайды.

Бұған Google әкімшілігі қанды, адам өлтіру бейнелері көп деген сылтаумен шектеу қойған. Алайда бұл оймен фильмнің продюсері Ждан Тихонов келіспейді. Оның айтуынша, деректі фильм мектепте, жоғары сынып оқушалырынң тарих пәнінде көрсетуге лайық әрі көрсетіп жатыр да.

"Фильмде зорлық-зомбылық не басқа да аморальды картиналар жоқ. Әлеуметтік желінің нормаларын бұзатын жерін көрмедім. Тек әскери хроника ғана көрсетілген. Ал оны мектеп жасында балаға емін-еркін көрсете беруге болады", - деп түсіндіреді ол.

YouTube әкімшілігі осыған дейін орыстардың тағы бір фильміне шектеу қойып тастаған. Ол – "Крым. Путь на Родину" атты деректі фильмі. Оған себеп – фильмінің "өрескелдігі", "қолайсыздығы".

"YouTube әкімшілігі бүкіл әлемнің шындықты білгенін қаламайды. Өзінің әуеніне салып, себептен-себепсіз деректі фильмдерді құлыптап, Ресей азаматтарының құқығын шектеп отыр", - дейді бұған қатысты Ресей журналисі Андрей Кондрашов.

2020 жылдың аяғында РФ президенті В.Путин шетелдік сервистерді (YouTube пен Facebook) бұғаттап тастауға бұйрық берген. Ресей басшысының ойынша, бұл ақпараттық платформалар "Ресей БАҚ-тарының құқығын шектеп, қыспаққа алып жатыр". Құжатта қоғамдық маңызы бар ақпаратқа шектеу қойылған жағдайда, бұл сервистерді жауып тасталатыны айтылған.