Bugin

Қармақшыда өрттен 4 адам қайтыс болды

Тілсіз жау 4 адамның өмірін қиып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

15.03.2021 жылдың сағат түскі 13:30 кездерінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде жеке тұрғын үйде 27 литрлік газ балоны жарылып 4 адамның өмірін қиып кетті.

Тілсіз жаудың құрбаны болған: С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999ж.).

Өрттен жапа шеккен тағы бір азаматша 1950 ж.туған С.Алмаханова хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

1999 жылы туылған С.Мырхиев пен 2001 жылы туылған С.Өміртаева жас отбасының артында 4 айлық сәби қалды.

Өртті сөндіруге ТЖД (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер,1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылған.

Қызылорда облысы әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өзінің фейсбук парақшасында «Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер!» деп жазба қалдырды.