Bugin

Теңге нығайып доллар арзандауы мүмкін

Теңгенің долларға қатысты курсы жыл соңына таяу 395, тіпті 375 теңгеге дейін нығаюы мүмкін. Әрине егер мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен құлдырамаса ғана

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұндай болжамды «Ренессанс Капитал» инвестициялық компаниясының экономисі Софья Донец айтады.

 «Егемен Қазақстанның» хабарлауынша, егер мұнай бағасы 50 доллар болса, төл валютамыздың курсы 410-ға, егер 70 доллар болса 375 теңгеге төмендейді. Шикізат, оның ішінде қазақстандық экспорттың 14 процентін құрайтын металл бағасының қымбаттауы да ұлттық валютаға демеу.

 Ал Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы валюта бағамы бір айдан соң 418, бір жылдан соң 432 теңге болады деп болжаған. Валютаның шарықтауы немесе төмендеуі әлемдік мұнай нарығына тікелей байланысты. Бұл орайда АҚШ-тың Энергетика министрлігі өз болжамын жариялаған.

Олардың дерегінше наурыз және сәуір айларында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 67 доллар болмақ. Жылдың екінші жартысында баға 58 долларға төмендеуі мүмкін.

Ал ОПЕК-тің есебі бойынша биыл мұнайға деген әлемдік сұраныс 2020 жылмен салыстырғанда тәулігіне шамамен 6 млн баррельге өскен. 

Естеріңізге салсақ  Ұлттық банктің сайтында АҚШ-тың бір доллары бүгін 418 теңге 94 тиын болып тұр. Еуро 499 теңге 75 тиынға тең. Ал, рубль 5 теңге 75 тиын.


24,kz -ке сілтеме жасай отыра баяндаймыз.