Bugin
Жеңіл және ауыр салмақ
Ыстамбұл қаласында "Босфор" халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұған барған қазақстандық бокшылар да көп. Алғашқы жекпе-жекке шыққандары қазірден нәтиже көрсете бастады. Бұл жайлы Sports.kz жазды.
Түрік бокшысымен кездескен 57 салмақтағы қазақстандық Нұрбол Қалжанов қарсыласын екінші раундта тәлтіректетіп жіберді. Алдымен нокдаунға, раундт соңында нокаутқа түсті. Айта кеткен жөн, Қалжанов бұл салмақта Қазақстан чемпионы атанған.
Тағы бір бокшымыз, ауыр салмақта, 91 келіде өнер көрсеткен Сағындық Тоғамбай қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Литва бокшысы жекпе-жекті жалғастыра алмады. Айта кеткен жөн, Тоғымбай жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы.
Ал 69 салмақтағы "техникалық бокшы" Қуан Қуатов қарсыласын – палестина боксшысы екінші раундта қағып түсірді.
Турнир әлі жалғасуда.