Bugin
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 16 наурыздан бастап «қызыл» аймаққа Батыс Қазақстан облысы ч кірді
Батыс Қазақстан облысында өткен тәулікте – 51 адамнан коронавирус анықталып, ауырғандардың жалпы саны -13 878-ге жетті. Ал, Қазақстан бойынша ауырғандар саны 225 685.
«Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында ауру жұқтырғандар көбейді. Осы өңір әкімдері індеттің өршу себептеріне жіті талдау жүргізіп, шұғыл шаралар қабылдауы тиіс», – деді А. Цой үкімет отырысында.
Бас қалада тіпті локдаун енгізіліп, қатаң шектеулерге қайта оралып жатыр. Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Вакциналаудың әсері сезілу үшін әуелгі кезде иммунитет қалыптасып үлгеруге біраз уақыт керек. Одан соң вакциналау әсері күшейе түседі де, ол елдегі эпидахуалдың тұрақталуына ықпал етеді. Әзіргі жоспарымызбен сәуір айында күн сайын кемі 500, ең арысы 1700 адам жұқтырып отырады деп болжап отырмыз».
Ақмола, Атырау, Алматы мен Қарағанды облыстары «сары» аймақта. Қалған өңірлер әзірге ең қауіпсіз – «жасыл» аймақта. Соның ішінде бас қаланың «қызыл» аймаққа кіргенін ескеріп, астанада наурыздың 21-іне локдаун жарияланды. Сол күні қалада сауда үйлері қайта жабылды. Дәріханалар мен тамақ және аса қажетті затттар сататын дүкендерге ғана рұқсат.