Bugin
30 жылда не сапалы аурухана, не мектеп сала алмадық
Экономист, "KEGOС" АҚ бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаев Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылын кеңейту мен созуға қарсы. Бұл ойын ол әлеуметтік желіде жазды.
Оның ойынша, Назарбаев даңғылын созып, тағы да тау етегіне қарай үй мен жол салсақ, Алматы қаласы мүлде ауа жетпей "тұншығып қалмақ".
"Назарбаев даңғылын созуға, маңайындағы үйлерді күреуге жұрт қарсы. Ал құрылыс компаниясы елді емес, өзінің қалтасын ойлап, миллиардтаған қаржыға жоба жасамақшы. Даңғылды созудан түк шықпайды. Өйткені Достық даңғылы сияқты тау етегіне барып тіреледі де қалады. Көлік кептелісінің кесірінен ауа ластанып, онсыз да экологиясы нашар қаланың атфосферасын одан әрі кірлемек. Бұл сай – Алматыға таза ауа әкелетін, самал соғатын ең түзу етек. Ал оны жауып тастасақ, қалада ауру көбейеді", - дейді Наурызбаев.
Қазақстан 30 жылда түк істемеді. Сапалы медицина мен білім беру, әділ сот жүйесін қалыптастыра алмады.
"Бірақ Алматының тау етегін құрылыспен толтырып, сай-сайдың бәрін бітеп тастау қолдан келді. Енді үндемеуге қақымыз жоқ", - деп жазды ол.