Қоғам

Көп балалы анаға құны жоқ сертификат ұстатты

Ақтөбеде көп балалы анаға облыс әкімі 2 миллион теңгелік сертификат табыстап, басы дауға ілікті. Сертификат тек қағаз түрінде ғана болып шықты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Айсұлу Күздібаеваға Алғыс айту күні облыс басшысы Оңдасын Оразалин ел алдында екі миллион теңге деп жазылған қағаз ұстатады. Ал онысының көк тиын құны да жоқ екен. 
Жатақхананың аядай бөлмесінде бес баласымен тұратын Айсұлу жыл басында әлеуметтік желі арқылы елден көмек сұраған. Сол кезде еріктілер керек-жарағын алып беріп, бөлмесіне жөндеу жүргізіпті. Ал әкімдік тарапынан ешқандай қолдау болмаған. 

"Ол отбасының тұрмыстық жағдайы қиын екен. Барлық жастар болып жөндеу жұмысына ақша жинадық. Еденінен бастап төбесі мен қабырғасына дейін жаңалап бердік. Қосымша керекті жиһаз бен теледидар алып бердік", - дейді еріктілердің бірі Шахретдин Азимов.
Әкімдіктегілер еріктілердің жиналған қаражатын, сол қағазға жазып, жарамсыз сертификатты салтанатты түрде ұсыныпты.
Бұлай жұрт алlында кәдеге жарамайтын сертификатты берудің не қажеті бар еді дейді көпбалалы ана. 
Бұл әкімдіктін өзіне сәл болсын мақтау алғысы келгені ме, бәлкім6 бұл жаңалықтын теріс жағы шығып кетерін ойламады ма? Еріктілердің еңбегін өздеріне иеленіп алу ұят қылық болды.
"Неге осы жастардың игі істерін көрсетпеске, басқаларға үлгі ретінде көрсетпеске деген оймен осы Айсұлу ханымға жасалып жатқан жұмыстарының жұмсалған қаржыларын көрсете отырып, сертификат ретінде жастардың атынан тапсырған алғысымызды білдіру деген оймен туындаған болатын", - дейді Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі Маржан Қорғанбаева. 

Бес баланың анасы Айсұлу Күздібаеваның атында баспана да жоқ. Тұрып жатқан жатақханадағы бөлмесін де туыстары берген екен. Жолдасы қыстауға қатынап қой бағады. Ал әкімдіктегілер болса, осындай дауға айналған оқиғадан кейін көмек беру туралы ештеңе де айтпады, тіпті ауыздарын да ашпады. Ең болмаса бұндай қылықтары үшін кешірім сұраса, жөн болар еді, алайда ол да жай ғана сөз.