Bugin
Қоғамдық резонанс
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковаға санитарлық норманы бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл жайлы Аrnapress.kz хабарлады.
Нақтырақ айтсақ, қала басшысы мен чемпионға көпшілік қатысқан іс-шараға маска тақпағаны үшін айыппұл салынған. Жақсылық Омар өткен аптада Өскемен қаласының спорт сарайында өткен шараға маскасыз барып, суретке түскен фотосуреті әлеуметтік желіде тарап кетіп, қоғамдық резонанс тудырды. Шараға Ольга Рыпакова да маскасыз келген.
"Заң бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Оны әкім төледі", - дейді әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.