Bugin
Forbes: «BTS-ке Грэммиден қарағанда Грэмми-ге BTS көбірек қажет»
Жақын күндері Лос-Анджелестің қақ ортасында жыл сайынғы Грэмми марапатының салтанатты рәсімі өтті. Оңтүстік Кореяның әйгілі тобы BTS биылғы жылы «ең жақсы поп-дуэт/топтық орындау» номинациясынан айырылып қалды. Марапатты Леди Гага мен Ариана Гранденің Rain On Me әні еншіледі. Шоу көрермендеріне, әсіресе топтың фанаттарына бұл онша ұнамады.
Сол музыкалық кеште K-pop супержұлдыздары көрермендерді позитивті күшпен толықтырды. Көпшіліктің пікірінше, "BTS өзінің әсем, түрлі-түсті костюмдерімен, шабыт сыйлайтын энергиясымен және еркелігімен Грэммиді өмірге қайта әкелді". Бірақ жеңілістен кейін топтың жанкүйерлері дыбыс жазу академиясын BTS-ті қаралымды арттыру үшін пайдаланды деп айыптады. Шынында да, нәтижелер жарияланғаннан кейін жарты миллионнан астам көрермен жүлденің тікелей эфирінен бірден шығып кетті. Нәтижесінде Army (BTS-тің жанкүйерлері) Twitter-де «алаяқтар» дегенді білдіретін #scammys хэштегін трендке айналдырып жатыр. Осы хэштег бойынша жазбалар бүгінгі күнге дейін жаңартылып келеді.
Наразылыққа Esquire мен Forbes қосылды. Олар «BTS-ке Грэммиден қарағанда Грэмми-ге BTS көбірек қажет» екенін растады. Бірақ марапатты үйге алып кете алмауына қарамастан, топ мүшелері позитивті көңіл-күйін сақтап қалды.
«Нәсілшілдік әлі де Американың музыка нарығына әсер етіп жатқан сияқты», «BTS-тің нәтижесі әлдеқайда жақсы, олардың әні Billboard HOT 100-де Lady GaGa-ның әнінен ұзағырақ болды», «Менің ойымша, Гремми BTS-ті көбірек назар аудару және ықпал ету үшін қолданды»,- дейді желі қолданушылары.