Bugin
Билік адамдары Норвегияда Covid-19 жұқтырғандар саны бойынша жаңа анти-рекорд жариялады
Норвегияда коронавирустың үшінші толқыны жүріп жатыр. Соңғы аптаның нәтижесіне байланысты елде ауруды жұқтырған 1156 адам тіркелген, оның 495-і Ослода.
"Барлығымыз көріп отырғандай, бұл жұқпалы аурудың дендегені сонша көрсеткіштер екі есеге артқан. Әсіресе Ослода инфекцияға шалдыққандар саны күрт өсіп келеді. Сондықтан қазіргі уақытта Викен және елдің басқа бөліктерінде қолданып жатқан қатаң шараларды енгізу қажет",– дейді министр.
Пандемия басталғаннан бері елде 1000-нан астам адам тіркелген еді. Бұған дейін ең жоғарғы көрсеткіштер 2021 жылдың қаңтарында тіркелген – 930 адам. Бүгінгі таңда, 82 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған.
Енді билік өкілдері вакцинациядан үлкен үміт күтіп отыр. Бүгінде 488 мыңнан астам адам алғашқы дозаны қабылдады.