Bugin
Жыр сандығымнан гүлдерге арнаған өлеңімді шығарайын. Гүлдей жайнап жүретін аруларға жіберіңіз
Шуағы күндей шашылған,
Таң сәріден ашылған.
Гүл дегенің әдемі,
Кеткін келмейді қасынан.
Жұпарымен арбап даланы.
Құлпыртады қаланы.
Құстарменен қосылып,
Әсем ән де салады.
Көрер көзге қуаныш
Көңіл-күй де сыйлайды.
Мұңайғанға жұбаныш
Себебін де сұрайды.
Әсемдіктің патшасы,
Көңілге нұр себеді.
Құрмет етер баршасы
Гүлді алғын келеді.
Гүлдер өсер әр күнде,
Күн де жайнар әр түнде.
Лайықтыға берілер,
Берілмейді әр кімге.
Нәзіктіктің белгісі,
Сұлулықтың нышаны,
Түрлі-түсті күлтелер,
Құшағына қысады.