Bugin

Жүктілігі және босануына байланысты жәрдемақы төлемдерін рәсімдеу бойынша пайдалы кеңес

Құжаттарды тіркелген мекен-жайыңызға қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде тапсыруға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

     Кірісінен айырылуына байланысты төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісіті көлемін ала отырып есептеледі.

     Бұл төлемді рәсімдеуге халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Жеке басын куәландыратын құжат;
  • Банк шоты жайлы мәлімет;
  • Жұмысқа жарамсыздық парағы;
  • Егер жүкті әйел жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекеттік тіркеу туралы куәлікітің көшірмесі.

Құжаттарды тіркелген мекен-жайыңызға қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде тапсыруға болады. Құжаттарды толық тапсырғаннан кейін 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS- хабарлама келеді.