Bugin
Бүгінгі күні әнші Төреғали мен жары Толқын бесінші сәбиін күтіп жүр
Осыған дейін көпшілік назарынан жырақ жүретін Толқын Тұрарбекқызы соңғы кезде Instagram-дағы парақшасында белсенді болып, жазбаларымен бөлісіп жүр.
Жары Төреғалиға «Емен ағашындай иілемін» деп сөз берген сыпайы келін оның іс-жүзінде оңайға соқпағанын да жеткізген. «Қаншалықты сабырлы болам деген сайын, пендешілік ойлар, көкіректі кернеп тұратын, әрине. Ашудың үстінде сабырды сақтап, эмоцияңды ұстай білу тіптен күшті... Айналам мені біраз сөз етіп, жаңалықтар біраз жыр етті...
Бастапқы 3 жыл бойы жарымның концертіне бармайтынмын, тақымымды қысып, тілеуін тілеп отырғаным, сахнадан тамашалап отырғаннан маңызды еді. Әрі жарыма ол уақытта сол үлкен қолдау болды! Жағаласа-жарыса жүргеннен, күн-түн халықтың алдында жүрген азаматымды күтіп алып, шығарып салу ең үлкен жұмыс деп білдім! Бастапқыда үйрену оңай болмады, әрине, гастрөлдік сапардан-сапарға аттанатын жарымды, тағатым таусыла күтумен жүретінмін!»
Толқынның төзімділігіне риза болған оқырмандары оны қолдаған пікірлер қалдырыпты.