Bugin

Иманбек Ургантқа Тоқаевтан қонырау түскенін айтты

Қазақстан тарихындағы беделді Грэмми музыкалық сыйлығының алғашқы лауреаты Иманбек Ресейдің бірінші арнасындағы «Вечерний Ургант» шоуының қонағы болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық музыкант Грэммидің нәтижелері жарияланғаннан кейін ұйықтауға жатқанын, таңертең оянғанда ұялы телефоннан 90 қабылданбаған қоңырау тұрғанын айтты. «Олардың арасында, мүмкін, Қазақстан президенті болған шығар. Мен инстаграм парақшасын ашқанымда, президент мені құттықтады деген жаңалық мені есеңгіретіп тастады», – деді Иманбек. 

Ол сондай-ақ Ургантқа өзінің туған қаласы Ақсу туралы айтып берді, ол жерде ең ірі ферроқорытпа зауытының бірі бар екенін және рэпер Скриптонитпен, ол Ленинскийде тұрған кезде, көрші болғанын айтады.

«Бұл зауытта бірдеңе бар сияқты ... Кей түтіні дұрыс емес шығар. Әлемдік музыканың жаңа серпіні келді. Павлодар аномалиясы», –  деп қалжыңдады Ургант.