Әлеумет

ЛГБТ, жыныс ауыстыру һәм «Цой операциясы»

Жер әлемдегі ірі алпауыттардың текетіресі, әлсіздердің аман қалу үшін жанталасы, байлардың алып сарайлары мен нан іздеген кедейлердің аурудан әлсіреп, аштықтан бұралған сәбилері, олардың көз жанарындағы үміт пен үрей

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Біз уақыт ағасының қай тұсына келіп қалдық, өзі?    

Фантазиялық фильмдерден көретін, батыстық шығармалардан оқитын адамзаттың жыныстық, психологиялық азғындауы сияқты сұмдықтарды енді көзіміз көре бастады. Мыңдаған жылдар бойы көшпелілік ұлы дәстүр салтанат құрған байтақ далада енді жынойнақтардың сан мың түрі сайран салмақ.

Оның себептері арыда жатыр. Әлем дамуына аса күшті ықпал етіп отырған жасырын күштер, топтар бар. Біз тәуелсіздік жариялаған шақта, сыртқы ғаламмен кедергісіз араласу үшін жүздеген, тіпті мыңдаған келісімдерге қол қойғанбыз. Онсыз оқшау қалар едік. Мысалы, ДСҰ, ЕБРР, ғаламдық Валюта қоры, Халықаралық Олимпиада комитеті бастаған түрлі спорттық ұйымдар, айта берсек жетеді, осыларға мүше болу үшін олардың бәрінің болмаса да көбісінің ішкі ережелерінде жазылған «ЛГБТ құқын қорғау» деген шартты бөлектеп ала алмай, келіскенбіз. Қол қойғанбыз.

Бұл ұйымдардың шарттарына көнбесеңіз, дүниеден бөлек қаласыз. Мұнайыңыз сатылмайды, астығыңыз қамбаларда шіриді, еш спортшыңыз дүниежүзілік додаларға қатыса алмайды. Қысқасы, Оралхан Бөкейдің «Атау кересіндегі» жетімханадан екі баланы алып тауға тығылған шал сияқты мүлде жалғыз қаласыз.

Бұл жерде – жоғарыда айтылған әлемдік тасқынға Цой түгілі, Ел прзеиденті де қарсы келе алмайды.

Сіз айтарсыз, «Онда неге өзбектер мен түркіпендерде, тәжіктерде жоқ?» деп. Олардың да бұл батпаққа аунар күні алыс емес.

Қазір күллі дұния өркениет шыңынан асып, азғындыққа, құлдырауға бет алып бара жатқандай.

Мен айтар ем, бұл қасіреттен сақтанудың жолы – әр қазақ өз отбасына, балаларына ие болса. Ұлыңызбен өзңіз, қызыңызбен анасы айналысса. Бағызыдан бері адамизаттың жынысқа бөлінетінін, Жаратушы әу баста солай етіп жіктегенін, осынау қауіпті азғындықтың ұлт үшін ауыр қасірет екенін ашық түсіндірсек. Балаңыздың достары кімдер, бос уақытында интернеттен нені көреді, ой әлемінде әлдеқалай бір өзгерістер бар ма деген сияқты бақылауды күшейтсек. Спортқа, классикалық кітаптарды оқуға, қайрымдылыққа баулысақ, төніп тұрған ауыр апаттың алдын қазірше осылай алуға болар еді.

Айтпақшы, күтпеңіз, қазір ақыр заман келмейді.

Қазақ – тек қана өзін өзі құтқарады. Яғни, өзіңізді, перзенттеріңізді өзіңіз ғана құтқара аласыз.

Ал оған әркімнің қауқары әр түрлі...