Bugin
Кеш келіп, жаз бітпей ерте кететін құс бар. Бұл – қарлығаш. Қазақ елінде қарлығашты бейбітшілік пен берекенің символы деп санайды. Ендеше, пейіштің құсы – қарлығаш туралы қызықты деректермен таныса отырыңыз
• Қазақ халқы қарлығашты пейіш топырағынан жаралған деп сенеді. Неге деп ойлайсыз? Себебі көмекейінен ән салған қарлығаш, құран сүрелерін шырқайды екен.
• Швецарияда қарлығаш ұясын бұзған адам, тұқымымен кесапатқа ұшырайды деген сенім бар.
• Чехияда қызы бар үйге қарлығаш төңіректесе, құда келеді деп тойға даярлана бастайды екен.
• Бағзы заманда, Дағыстан елінің әскері жорыққа бара жатып, далада көз шырымын алу үшін түнеген екен. Таң ата байраққа қарлығаштың ұя салғанын көргендіктен сол жерге Пулахар ауылы салыныпты.
• Қарлығаш басқа жаққа көшкенде, тырналар оны арқасына алып ұшады екен. Ал қайтып келгенде, ләйлектердің қанатының астына паналап ұшады.
• Грек елінде қарлығашты Афродитаның құрметіне жаратылған құс деп сенген екен.