Bugin

Университет мұғалімдерінің жалақысы көтеріледі

Бұйрық 2021 жылдың қыркүйегінен бастап өз күшіне енеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында университет мұғалімдерінің жалақысы көтерілетінін айтты. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«2019 жылғы қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне тікелей бағынышты ЖОО оқытушыларының жалақысы 20%-ға, кейін 2020 жылғы қыркүйек айында тағы 20%-ға ұлғайтылды. Дегенмен, қабылданған шараларға қарамастан жалақы көлемін әлі де арттыру қажет», – деді Асхат Аймағамбетов. Білім басшысының айтуынша, бұйрық 2021 жылдың қыркүйегінен бастап өз күшіне енеді.

Министр университет мұғалімдерінің жалақысын көтеру мәселесін ЖОО басшыларымен талқылай отырып, бұйрыққа қол қойылғанын атап өтті.  Сондай-ақ, бұл бұйрықтың ерте қабылдану себебіне тоқталды. «2021 жылдың қыркүйегіне дейін ЖОО басшыларына өзінің шығысын қайта жоспарлап, оңтайландыру және кірісін ұлғайту үшін уақыт береміз», – деді министр.

Еске сала кетейік, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-дағы оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға қатысты тапсырма берген болатын.