Bugin
"Стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс"
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семейдегі «Абай Арена» спорт кешені атауы өзгертілмей, өз атауын сақтап қалуы тиіс екенін айтты. Бұл жөнінде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дағы парақшасында мәлімдеді.
«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай Арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқыланып жатыр. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы тиіс», – деп жазды Айдос Үкібай.
Айта кетейік, кеше ШҚО-ның зиялылары Семейдегі «Абай Арена» спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынған болатын.