Экономика

Қазақстандық нарықты қаржыландырғысы келетін Олег Тиньков кім?

Ресейлік миллиардер қазақстандық нарықты қаржыландырғысы келеді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Миллиардер, TCS Group- тың негізін қалаушы Олег Тиньков қазақстандық нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Forbes.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ТМД елдері арасында Қазақстан инвестиция тұрғысынан кәсіпкердің қызығушылығын тудырған.

“Қазақстан – кішігірім мемлекет, алайда инвестиция үшін қызықты нарық. Қазақстанға инвестициялық бизнеспен қалай жол табуға болатынын жоспарлап жүрміз”, - деді ол ClubHouse-тағы эфирі барысында.

Ресейлік миллиардерлердің көшін бастап тұрған Тиньковтың байлығы 1,6 миллиард долларға бағаланады. 2020 жылдың наурызында лейкемия дертінің қауіпті түрімен күресетінін мәлімдеген. Кейін миллиардердің өзіне сүйек кемігін ауыстыру отасы жасалды.