Bugin
«Енді қандас бір уақытта құжаттарды және сәйкесінше тұруға ықтиярхат алу үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға да өтініш бере алады»
Алматыда 2021 жыл басталғалы бері 142 қандас Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады. Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчиновтың мәлімдеуінше, Қазақстан азаматтығын алғандардың басым көпшілігі – Қытай мен Өзбекстаннан келгендер.
«Енді қандас бір уақытта құжаттарды және сәйкесінше тұруға ықтиярхат алу үшін де, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға да өтінішті бере алады. Орташа алғанда, қарастыру мерзімі шамамен үш айға созылады», – дейді Асхат Бутунчинов.