Bugin
Журналист болғыңыз келеді. Неден бастарыңызды білмей жүргендерге таптырмас топтардың тізімі
Журналист болу үшін өз ана тіліңді жетік меңгеріп, қазақ тілінде еркін жаза білуі керек.
Ал сіздер журналистиканың еркін, қазақша форматын оқығыларыңыз келеді ме?
Ендеше телеграмдағы журналистік әңгімеге тұнып тұрған топтарды ұсынбақпын.
1. "Жорналшы" күнделігі.
Бұл топтан журналистика, редактордың өмірі мен жұмысы туралы оқитын боласыздар.
2. журфак.
Журналистикадағы трендтер мен қателіктерді білесіздер.
3. Қатал редактор.
Сіз білмейтін журналистикадағы қырларды, дұрыс редакциялауды үйрене аласыздар.
4. Калькасыз қазақ тілі.
Журналист әдемі жазуы тиіс. Ал сіздер осы топтан қатесіз, әдемі жазуды үйренесіздер.
5. about media in Kazakh.
Медиа мен биліктегі идеялогиялық зерттеуді оқуға болады.
6. Аударма by qisyq.
Өзге тілдің үздік әрі қызықты әңгімелерін таза қазақ тіліне аударатын орын. Егер белгілі бір оқиғаларды оқуды ұнатсаңыз, мархабат!
Бұл мен білетін, сіздерге пайдасы тиер деген топтарым. Журналистикаға қызығып, үйренуді қалаған жандар үшін көп мағлұмат бар.
Телеграмның пайдасы бар тұсы осы деп білемін. Уақытымызды осылай пайдалы оқуға арнайық.