Bugin
Рейтинг агенттіктерінің үштігі еліміздің мемлекеттік қарыз деңгейі төмен екенін айтты
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мемлекеттік қарыз жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
«Мемлекеттік қарызға байланысты мәселе біздің ерекше бақылауымызда. Бүгінгі таңда мемлекеттік қарыз деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 30 пайызына тең. Еуроодақ елдерімен салыстыратын болсақ, оларда қарыз деңгейі шамамен 80 пайыз, ал ЭЫДҰ елдерінде орташа алғанда шамамен 100 пайыз», - деді министр.
Әсет Ерғалиевтің айтуынша, рейтинг агенттіктерінің үлкен үштігі еліміздің фискалдық-бюджеттік саясатының тұрақтылығын бағалап, мемлекеттік қарыз деңгейі төмен екенін атап өткен. Министр мемлекеттік қарызды өтеуге 900 миллиард теңге бөлінгенін де айтып өтті.