Bugin
Белгісіз біреу өңірдегі кәріз жүйесіне мұнай қалдығын төгіп жіберген
Шымкент тұрғындары белгісіз иістен уланып, ауруханаға жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы «КТК» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мамандардың айтуынша, белгісіз біреу өңірдегі кәріз жүйесіне мұнай қалдығын төгіп жіберген. Қалдық салдарынан ауаға зиянды иіс таралып, көлемі 10 есеге артқан. Тұрғындар иістен тұншығып жатыр. Тіптен мектеп оқушылары сабақ барысында иістен уланып, құлай бастаған.
Шымкент қаласы экология департаментінің бас маманы Мұхамеджан Тойшыбековтың мәлімдеуінше, қала әкімі Мұрат Әйтенов қысқа уақытта мәселе шешіледі деп сендірді.