Bugin

"Ақша аударылмаса мектеп жарылады"

Бейтаныс адам қоқан-лоқы көрсетіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгісіз біреу №12 білім беру мекемесінің электрондық поштасына хат жолдаған. Хатта ол мектеп ғимараттарын жаратынын хабарлаған. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазіргі уақытта №19 мектеп, №30 мектеп, №33 мектеп туралы нақты мәлімет бар. Осы уақытта ғимараттарды саперлар тексеріп жатыр.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жасырын автордың жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Болжам бойынша, бұл – хакерлік шабуыл. Хабарламаларға сәйкес, Қазақстанның ақпараттық жүйелері белгісіз хакерлердің қысымына ұшыраған болуы мүмкін.