Bugin

Райя және соңғы айдаһар: қысқаша шолу

Сіз бұл мультфильмді көрдіңіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Райя және соңғы айдаһар мультфильмі – 2021  жылдың 3 наурызында тұсаукесері өткен су жаңа диснейлік туынды.

Қысқаша мазмұнымен таныстырып өтейін.
Көп ғасыр бойы адамдар мен айдаһарлар бірлесып тату-тәтті өмір сүреді. Бір сәтте жер бетінде жауыздар пайда болып, адамдар мен айдаһарларды тас мүсіндерге айналдырады. Түрлі қабілетке ие 5 айдаһар өз күшін Сису атты бір айдаһарға беріп, сиқырлы шар жасайды. Сису барлық күш қуатымен жауыздарды жеңеді. Тас болып қалған адамдарды қалпына қайтарғанмен айдаһарлар сол күйі тас мүсін қалпында қалады. Сису айдаһар суға түсіп ғайып болады. Сиқырлы шар адамдарда қалады. Айдаһарларды қалпына келтіру үшін барлық адам бірігуі керек болатын. Ал бұл сәтте жер беті 5 бөлікке бөлініп, өзара жауласады… Оқиғаның қалай аяқталатынын білгіңіз келсе оны тамашалауға кеңес беремін.